ЖЕТІ АТАСЫН БІЛГЕН ҰЛ, ЖЕТІ ЖҰРТТЫҢ ҚАМЫН ЖЕР
4 Сәуір 2024, 135 рет қаралды
Түркістан облысы білім басқармасының Сарыағаш ауданы білім бөліміне қарасты N3 М.Ломоносов атындағы жалпы білім беретін мектебінің жанынан құрылған ата-аналарға педагогикалық қолдау орталығы бағдарламасы аясында "Даналық мектебі" жоспары сәйкес ата-аналармен "Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер" атты дөңгелек үстел болып өтті.
Дөңгелек үстелдің мақсаты шежірені, әулет тарихын білудің, оны келер ұрпаққа мирас етудің мәнін талқылау. Шара барысында аталарымыз мен жас әкелеріміз өз ойларын бөлісіп ортаға салды. Оқушыларымыз дайындаған ұлттық құндылықты дәріптейтін керемет көрініс көрсетіліп, тәрбиелік мәні бар видеоролик көрсетілді.