НАШАҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ
4 Сәуір 2024, 117 рет қаралды
№3 М.Ломоносов атындағы жалпы білім беретін мектебінде "Нашақорлыққа жол жоқ" атты жиын болып өтті.
Жиынның мақсаты:
1. Есірткі және жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық туралы түсіндіру.
2. Есірткі мен нашақорлық денсаулыққа зияны туралы түсіндіру.
3. Мектеп оқушылары арасында есірткі және нашақорлықтың алдын алу.
Жиын басында Сарыағаш полиция АПК ЖПҚ ЮПТ мектеп инспекторы: Ә.Ергешов сөз бастап, көпшілікпен сәлемдесіп есірткі және нашақорлық аясында оқушыларға жалпы түсіндірді. Біздің мақсатымыз есірткі қылмысына қарсы мәдениетті қалыптастыру жастар арасында синтетикалық есірткілердің таралуын пайдалануының алдын алу деп сөзін аяқтады.
Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Даулетова оқушыларға есірткімен нашақорлық адам ағзасына зияны туралы айтты.
Қәзіргі таңда есірткінің түрі көп егерде аталмыш заттарды пайдаланған жағдайда ашушаңдық,рухани тұрақсыздық,көңіл күйдің ауытқушылы қылмысқа бейімделуге алып келетіндігін айтты.
Ә.Ергешов Қ.Р –ның құқық туралы заңдар ережесімен таныстырып,құқық бұзушылықтың салдары жаза екендігін түсіндірді.Күнделікті 23:00ден бастап қатты рейт жүріп жатқанын ойын-сауық кешендер,магазиндер мен тойханаларда журген балалар ұсталған жағдайда оқушының ата-анасына ескерту беріліп,екінші рет ұсталса онда аудандық аты учетқа алынады деп сөзін аяқтады.