"IQ BATTLE" ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫ

Түркістан облысы Сарыағаш ауданы білім бөліміне қарасты N3 М.Ломоносов атындағы жалпы білім беретін мектебінде жоғары сынып оқушылары арасында "Ойлы болсаң озып көр" атты зияткерлік сайысы болып өтті. Сайыстың мақсаты Біртұтас тәрбие жоспарына сәйкес тәрбие құндылықтары соның ішінде талап құндылықтарын оқушылар бойына дамыту, сыни және креативті ойлау, жеке және командамен жұмыс істей білуге және жаңаны тануға құштар болу, технологиялық және цифрлық дағдыларды ілгерілетуге тәрбиелеу. Аталмыш іс-шара бойынша "Ұрпаққа аманат", "Жеткіншектің жеті жарғысы" атты жобалар қамтылды.