"АҚЫЛ АЙТПА,ЖОЛ КӨРСЕТ" АТТЫ ТРЕНИНГ

Түркістан облысы Сарыағаш ауданы N3 М.Ломоносов атындағы жалпы білім беретін мектебінде Ата-аналарға педагогикалық қолдау орталығының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес "Ақыл айтпа, жол көрсет" атты ата-аналарға арналған тренинг болып өтті. Тренингтің мақсаты: ата-аналардың балаларды жаңа жағдайға бейімдеу қабілеттерін дамыту. Ата-аналарды баланың негізгі мектепке оқуға бейімделуінің физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерімен таныстыру. Тренинг барысында ата-аналар өз белсенділктерін танытып, өз ойларын еркін білдірді.