«Қазақ тілі –өз тілім, туған тілім,Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім»
Апталықтың мақсаты:Қазақ тілі мен орыс тілінің мол мұрасымен кеңінен таныстыру, пәннің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру,мемлекеттік мәртебесін қалыптастыру.Қос тілдің қолданылу аясын кеңейтуге үлес қосу.Қазақ халқының әдебиетін негізге ала отырып, көркем әдеби шығармалардағы кейіпкерлердің игі істерін насихаттау арқылы елжандылыққа, адамгершілікке, бауырмалдылыққа тәрбиелеу.Тілін,елін сүйе білуге үйрету.
Ұстаздар қауымының басты міндеті – шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, болашақ ұрпаққа ұлағатты тәрбие беру. Осы мақсатта қазақ тілі және орыс тілі пәнінің мұғалімдері ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шараларды өз деңгейінде өткізді.Сабақ кезеңдері дұрыс ұйымдастырылған,тапсырмалар оқу мақсаттарына сәйкес,бағалау критерийлері мен дескрипторлары дұрыс берілген.Сабақ барысында саралау тапсырмалары орындалды. Мұғалімдер білім алушыларды сабақ мақсаттарын және күтілетін нәтижелерді анықтауға тартты. Материалдар мен тапсырмалар мазмұны бойынша рефлексия жүргізді. Сабақ барысында саралау тапсырмалары орындалды. Жаңа материалды игеруге ықпал ететін жұмыстың әртүрлі формаларын қолданды: топтық жұмыс, жұптық жұмыс, жеке жұмыстар.
Іс-шара барысында «Кім тапқыр» мақал –мәтел,қазақ және орыс халқының ақын-жазушыларының өлеңдерін жатқа айту байқауы ұйымдастырылды. Апта соңында оқушылар ұлттық салт-дәстүрді, өнерді кеңінен паш етіп, өз өнерлерін көрсетіп, мың бұрала биледі. Мектеп басшысы Елбасының данышпан саясатының арқасында елімізде қоныстанған барлық ұлттардың тілдерін, мәдениетін, сондай-ақ мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру бағытында қол жеткізген айтарлықтай жетістіктерге тоқталып, апталықта белсенділік танытқан сыныптарды, жеңімпаз топтарды, жеке тұлғаларды атап, тіл мамандарына өз ризашылығын білдірді.