АҒАШ ОТЫРҒЫЗЫП, ТАБИҒАТТЫ АЯЛАЙЫҚ
Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты N3 М.Ломоносов атындағы жалпы орта мектебінде ағаш отырғызу жұмыстары болып өтті. 1-наурыз «Алғыс айту» мерекесі қарсаңында мектебіміздің оқушылары ағаш отырғызып елдің алғысына бөленді. Ағаш отырғызу жұмыстарының басты мақсаты табиғатты аялау, оқушыларымыздың бойында елге, жерге деген сүйіспеншілігін арттыру. Іс-шарамызға мектеп директоры А.Арапова қатысып ағаш отырғызған жастарымызға өз алғысын білдіріп келе жатқан мерекемен құттықтады.
1-наурыз «Алғыс ату» мерекесімен Қазақстан халқын шын жүрекпен құттықтап алғыс білдіреміз.
(с) Мектеп әкімшілігі