ПІКІРСАЙЫС - ДОСТЫҚ МЕКЕНІ
Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты N3 М.Ломоносов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде дебат үйірмесінің оқушылары арасынды пікірсайыс (дебат) болып өтті. Әр түрлі тақырып бойынша оқушылар 4 топқа бөлініп өзара мықтыны анықтады. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар болған «Алаш жастары» мен « Ұлағат» топтары сын бойына озып топ ішінен суырылып алға шығып ақтық бәсекеде жолықты. Бұл сайысымыздың мақсаты оқушыларды мәдениетті сөйлеуге, көркем тілді меңгеруге, шешендікке баулу. Дебат үйірмесінің жетекшілері Бәкір Мағжан мен Тиллабек Айдын апайымызға ерекше алғыс білдіріп жұмыстарына сәттілік тілейміз!