Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты N3 М.Ломоносов атындағы жалпы орта мектебіміздің "Өзін-өзі басқару" ұйымы оқушылары және белсенді оқушылардың ұйымдастыруымен "Алғыс" акциясы болып өтті. Акциямыздың мақсаты 1-наурыз "Алғыс айту" мерекесін жоғары дәрежеде атап өту және оқушылар арасында кеңінен насихаттау. Оқушыларымыз мектеп мұғалімдерін және аудандық Адами әлеуетті дамыту бөлімі қызметкерлерін барып мерекемен құттықтап ізгі тілектерін білдіріп алғыс жаудырып қайтты.