1- желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай ашық тәрбие сағаты болып өтті
Түркістан облысы Сарыағаш ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты №3 М.Ломоносов атындағы жалпы орта білім беретін мектебімізде 1- желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай ашық тәрбие сағаты болып өтті. Ашық тәрбие сағат мемлекеттік әнұранымызбен бастау алды. Тәрбие сағат барысында оқушылар белсенділік танытып, өздерінің жан-жақты екендіктерін көрсетті. Ашық тәрбие сағатына қатысқан ұлағатты ұстаздар мен ата-аналарға, қонақтарға мемлекетіміз жайлы викториналық сұрақтар қойылды. Ашық тәрбие сағаттан оқушылар керемет әсер алды.
1-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні баршаңызға құтты болсын.
(с) N3 М.Ломоносов атындағы мектеп ұжымы