Сарыағаш ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты N3 М.Ломоносов атындағы жалпы орта білім беретін мектебімізде "Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп бере алмайды" атты аудандық семинар болып өтті.
Семинарамыздың мақсаты ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан, отбасы тәрбиенің қайнар көзі екендігін санамызда жаңғырту. Үш тұлға ата-ана, бала, ұстаз арасындағы ашық әңгіме арқылы өнегелі, үлгілі тәрбиені дәріптеу.
Іс-шарамыз концерттік бағдарламамен бастау алды. Іс-шара барысында "Сіз қандай әкесіз?" атты тренинг ұйымдастырылды. Семинарымыз ашық тәрбие сағаттырымен жалғасып спорттық сайыстырмен аяқталды. Семинарда белсенді болған ата-аналар арнайы алғыс хаттармен мараппаталды. Біздің мақсатымыз жан-жақты жарасымды, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу.